Заңсыз саудаланған DVD дисктер тәркіленді
Кеше ақтөбелік полицейлер Орталық базар маңайынан қарақшылық белгілері бар DVD дисктерді сатқан екі қызды қолға түсірді. Әлгі азаматшалардың бірінің жасы 22-де болса, екіншісінің жасы 16-да. Оларды тінту кезінде фильмдер мен бейнеклиптер жазылған барлығы 285 дана диск табылды.
Қазір аталмыш дерек бойынша сот-тауартану сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүруде. Қолға түскен екі қызды криминалды полиция басқармасының қызметкерлері "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтаған. Контрафакт өнімдерін заңсыз таратқан тұлғаларды анықтау, жоғары технология саласындағы қылмыстарды ашуға бағытталған бұл шара облыс аумағында бүгіннен бастап бейсенбіге дейін жалғасады.
|
Количество показов: 2133
Дата создания: 12.08.2013 19:05:36