Заңсыз балық аулаушылар азаяр емес
Облыс аумағындағы көптеген су айдындарында балықтардың белсенді уылдырық шашуына байланысты сәуір-маусым айларының әртүрлі мерзімдерінде балық аулауға тыйым салынады. Бірақ тыйымға қарамастан балық аулаушылар жетерлік. Айына ережені бұзатын 3-4 балықшы анықталады,- дейді мамандар.Көлдер мен өзендерге қоқыс тастайтындар да жоқ емес. Сондықтан балық жанашырлары қала тұрғындарын табиғат аясына шыққанда, қоқыс тастамай, жинап кетуін сұрайды. Қоқыс желмен ұшып, өзендерді ластайды. Өзен ластанғасын судағы тіршілік иелеріне зиян. Балық аулаудағы шектеу шаралары өте маңызды, әйтпесе, кейбір балық түрлерінің популяциясы едәуір азайып немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін өзен-көлдерде балық аулау зиянын тигізуі мүмкін.Количество показов: 279
Дата создания: 25.05.2024 06:53:00