Заңсыз ашылған ұн-кондитер цехының жұмысы тоқтатылды
Қарғалы ауылында түнгі мезгілде заңсыз жұмыс жасап келген ұн-кондитер цехы анықталды. Аталмыш цех жанында арнайы қоғамдық тамақтану орны да болған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына арыз-шағым түскеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Санитар мамандар цехтың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасағандығын, аумағы абаттандырылмағандығын, терезе мен бөлмелердің әйнектері ластанып кеткенін, тіпті қарапайым тазалықтың өзі сақталмағанын анықтаған. Тексеру барысында тағамдардың сапасын растайтын құжаттардың болмауына байланысты өндірістен 72 келі ұн және кондитер өнімдері алынып тасталған. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзған жеке кәсіпкерге хаттама толтырылған. Әкімшілік іс сотқа жіберілгендіктен қазір цех уақытша жұмысын тоқтатты. |
Количество показов: 2341
Дата создания: 17.05.2013 18:02:32