Заңсыз қару-жарақ тапсыру акциясы ұзартылды
Облыс тұрғындарынан заңсыз қару-жарақтарды қабылдау акциясы осы айдың соңына дейін ұзартылды. Заңсыз сақтап отырған қаруды тапсырып, орнына сыйақы алу үшін кез-келген ақтөбелік тұрғылықты мекен-жайы бойынша жақын маңда орналасқан полиция бөліміне баруы тиіс. Сондай-ақ мылтықтарды тапсыру үшін үйден шықпай-ақ "102" нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Тәртіп сақшылары өздері келеді. Бүгінге дейін тұрғындар өз еріктерімен алты мың оқ-дәрі, алты жүздей қару тапсырды. Республика бойынша Ақтөбе облысының тұрғындары акцияға белсенді түрде атсалысуда. |
Количество показов: 2487
Дата создания: 04.11.2013 18:20:20