Өз өміріңді сақта!
Бүгін Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде "Құқықтық тәртіп" деп аталатын жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Шара барысында тәртіп сақшылары "Тоқтаңыз, басып кетуі мүмкін!" деген акцияны бастап кетті. Бұл шараларға әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлері жұмылдырылып отыр. Бірінші рет вокзалда темір жол белгілері салынған билборд қойылып, бейнероликтер көрсетіле бастады. Өйткені желілік полиция қызметкерлері балалар ғана емес, ересектердің өзі жол қауіпсіздігі ережелерін ескере бермейді, дейді. Темір жол бойындағы тәртіпті бақылаушы полиция қызметкерлері тиым салынған жерлермен жүрген 1511 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтады. Темір жолдан өтіп кетпек болған жүргіншілер үшін пойыз машинистері 58 рет жедел тегежішті қолдануға мәжбүр болыпты. Мұндай жағдайлар әрине пойызда келе жатқан жолаушылар өміріне де қауіп төндіреді.
Количество показов: 676
Дата создания: 23.08.2021 17:49:11