Қызылорда тұрғындары Ырғыз ауданында заңсыз аңшылық құрған
Кеше Ырғыз ауданында заңсыз аңшылық құрған қызылордалықтар қолға түсті. Барлығы 3 адам. Олардың "Тойота лэнд крузер" маркалы көлігінен 3 дана киік мүйізі, аңшы мылтығы, пышақ, ара табылып, тәркіленген. Браконьерлер қамауда отыр. Үстерінен заңсыз аң аулауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Браконьерлер мұнысымен мемлекетке 1 миллион 38 мың 600 теңге шығын келтіріп отыр. Егер олардың кінәсі сотта дәлелденсе, әрқайсысы 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Бұл өткен апта ішінде орын алып отырған екінші жағдай. 25-маусым күні Әйтеке би ауданында екі джипке тиелген алты заңсыз аңшы ұсталды. Қоршаған ортаны қорғау инспекторлары қастарына жеткенше ер кісілер бір көлікті өртеп жіберген. Олардан 12 дана мүйізі мен алты киіктің еті алынды. Алты адам да қамауда.
|
Количество показов: 2237
Дата создания: 04.07.2013 18:47:09