Ыстықтан қорғаныңыз
Кеше қалада аптап ыстық түнгі сағат тоғыздар шамасында ғана басылған. Кешкі сегізге дейін сынап бағанасы 31 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Қалалықтар қапырық, ауа жоқ деп шағымдана бастады. Көп қабатты үйлер кондиционердің көмегімен ғана қалыпты температураны сақтап тұр. Керісінше, салқындатқыштан суық тиіп, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінушілер көп. Балалар жиі тұмауратып, салқын тиіп ауырып жатыр.Қазақстанның басым бөлігінде келесі аптада да аптап ыстық болып, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін,- деген болжам бар. Еліміздің батыс өңірінде де әлі ыстықтың беті қайтататын түрі жоқ. Шіліңгір шілдеде тұрғындар ыстықтан сақтанудың амалын табуға тырысады. Дәрігерлер де аптап ыстықтан сақтанудың тиімді жолдарын ұсынуда. Үйден шығарда міндетті түрде өзіңізбен бірге шөлмекпен су ала шығыңыз. Ең алдымен бас киім киіп жүрген дұрыс. Күн өтіп кетпес үшін мейлінше көлеңкеде жүріп, ыстыққа ұрынып қалмаудың қамын ойлаған дұрыс,- дейді ақ халаттылар.
Количество показов: 406
Дата создания: 06.07.2024 12:43:01