Қысқы дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?
Барша көлік иелері үшін актуалды сұрақ. Елімізде жылына екі рет кез-келген автокөлік жүргізушісі дөңгелектерін ауыстыруы тиіс. Бұл ауа-райының маусымдық өзгеруімен байланысты. Мамандар әмбебап, барлық маусымдық шиналарды таңдайтындар да бер екендігін айтады. Жыл сайын алғашқы қармен қарбаласып дөңгелек ауыстыру орталықтарының жұмысы қызады. Әзір ақтөбелік жүргізушілер бейқам. Қыстың ауылы алыста,-деп жүр. Әйтсе де, ерте қамданып жүргендері де аз емес. Қазір кезек те жоқ. Сауда қараша айында қызады,-дейді сервис орталықтары. Мәселен, біз барған мына орталықта дөңгелектердің бағасы 15 500 ден басталады. Ең қымбаты 200 мың теңге. Елі мен маркасына байланысты.Орталықта қысқы дөңгелектердің 15 мың - ға жуығы бар. Қараша айында тағы 3000 жеткізілмек. Руслан Кушимовтың айтуынша, биыл дөңгелектердің бағасы түскен.
Количество показов: 466
Дата создания: 14.10.2023 02:41:49