Қысқы азық қоймасы толтырылды
Өңірлік тұрақтандыру қорына жаңа өнім түсті. Ақтөбелік шаруалар қорға 3 мың 600 тоннадан астам көкөніс жеткізген. Бұл көкөністер "Табыс" коммуналды базарында, шағын базарлар мен әлеуметтік дүкендерде сатылады. Көкөністерді сақтайтын қойма голландилық құрылғылармен жабдықталған. Барлық талаптарға сай. Әкелінген өнімдер бұл жерде сәуір айына дейін сақталады. Көкөністердің басым бөлігі "СХФ Пригородный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімі. Сондай-ақ жергілікті шаруалар картоптың "Гала", "Санте", "Анна патшайым" секілді сұрыптарын өсірген. Биыл тағы "Болат ЛТД" және "Еламан -2014" қожалықтары қорға 200 тоннадан картоп тапсырған.Қазір қалада көкөністерді қолжетімді бағаға "Табыс" коммуналдық базарынан, сондай-ақ қаланың әр бөлігінде орналасқан "Халық сауда" дүкендерінен сатып алуға болады. Тұрақтандыру қорындағы көкөністердің бәрі жергілікті өнімдер. Ал қойманы өнімге толтыру үшін бюджеттен 240 миллион теңге бөлінген.
Количество показов: 765
Дата создания: 03.11.2020 19:50:42