Қысқа қажет азық-түлік жинақталуда
Қала халқын қыста арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бүгін "Ақтөбе Көкөніс" қоймасына "Пригородный" ЖШС-нен 30 тонна орамжапырақ жеткізілді. Орамжапырақтың әр келісін тұрақтандыру қоры 50 теңгеден сатып алған. Аталмыш шаруа қожалығынан алдағы уақытта тағы да 170 тоннаға жуық өнім әкелінетін болады. Қоймаға құйылатын қысқы азықтардың қатарында картоп өнімі де бар. Көкөністің бұл түрі көршілес Батыс Қазақстан облысынан жеткізілмек. Сондай-ақ басшылар Алматы облысынан Ақтөбеге арнайы тиеліп жолға шыққан 200 тонна жуаның да бар екенін жеткізді. Ал сәл уақыттан кейін Павлодардан өңірімізге 150 тонна сәбіз де келетін болады. Биыл қоймаларға құйылатын барлық азық-түлік түрлерінің жалпы көлемі 2000 тоннадан асады. Сондай-ақ Алға ауданындағы "Актеп" ЖШС сиыр етін 800 теңгеден саудаға шығармақ. Осылайша шаруашылық басшылары Ақтөбені арзан етпен қамтимыз деп қамданып отыр. Қожалықтың қожайындары айтқан сөздерінде тұрса жақын күндері жерлестеріміз "Актептің" арзан еттерінен ауыз тиіп қалуы әбден мүмкін. |
Количество показов: 2111
Дата создания: 17.10.2012 18:53:39