Қысқа 1 мың тонна картоп сақтаулы
Ақтөбеліктер осы қыста көкөністен таршылық көрмейді. Билік қыстың қамын алдын-ала ойлап, тұрақтандыру қорына азық-түлік жинап жатыр. Облыстық тұрақтандыру қорының қоймасы биыл 1 мың тонна картоп, 250 тонна пияз, 150 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат және 50 тонна қызылшамен толтырылады. "Батыс Агро-2008" ЖШС-нің директоры Батыр Артықовтың айтуынша, қор қараша айының ортасына дейін толықтай жасақталып болады. Ондағы өнімдер желтоқсанның бірінен бастап "Табыс" және өзге де алты коммуналдық базарда халыққа қолжетімді бағамен сатылмақ. Олардың құнын арнайы комиссия бекітеді. Көкөністерден бөлек, тұрақтандыру қорында былтырдан қалған 300 тонна шекер, 50 тонна күріш пен сонша қарақұмық жармасы бар. Ал, ет биыл қор жасақталатын азық-түлік тізіміне енгізілген жоқ. Өйткені, ет тапшы емес, әрі бағасы тұрақты, деді Батыр Артықов. Күнбағыс майының құнын шарықтатпай, тұрақты сақтау үшін "Савола +" компаниясымен келісім жасалған. Тұрақтандыру қорын жасақтау үшін былтыр республикалық бюджеттен 596 миллион теңге бөлінген. Бұл үш жылға есептелген қаражат. |
Количество показов: 2044
Дата создания: 17.10.2013 18:58:38