Қылмыстық сот 9 айда 32 адамға үкім шығарды
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тоғыз айдың ішінде 32 адамға үкім шығарылды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар қаралатын сотқа барлығы 66 адамға қатысты 43 іс түскен. Бұл мәліметтер бүгін осы сот ғимаратында өткен брифинг кезінде жария етілді.
Бір іс сотталушының қаза болуына байланысты тоқтатылған. Тағы біреуінде айыпталушы іздестіріліп жатыр. Алқа билердің қатысуымен өткен екі сот отырысында сотталушыларға ақтау үкімі шығарылды. Есірткіге қатысы бар үш жігіттің ісі қазір кассациялық сот сатысында қаралып жатыр. Алқабилер оларды ақтап алған болатын. Бүгінгі брифингте журналистер алқабилерді іріктеуді сынға алды. Алқабилер тізімінде әлдеқашан қайтыс болған, жүйке жүйесі сыр берген немесе Қазақстан азаматтығы жоқ, өзге де талаптарға сай келмейтін тұлғалардың анықталғаны белгілі. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов осы жылы сотта қаралған істердің саны былтырғыға қарағанда аз екенін айтты. Ал, істерді жүргізген төрт судьяға қатысты еш шағым түспеген.
|
Количество показов: 1853
Дата создания: 16.10.2013 19:33:17