Қылмыстық атқару жүйесі Қазақстан полициясы күнін атап өтті
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бүгін Қазақстан полициясы күнін атап өтті. Мерекелік шара барысында мекеменің үздік қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ соңғы 15 жылда алғаш рет ҚР ІІМ-і бөлген 100 миллионнан астам теңгеге мекемеге 26 автокөлік сыйға тартылды.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінде бүгінде 800 қызметкер жұмыс істейді. Соның алпыс шақтысы кәсіби мерекелеріне арналған салтанатқа қатысуға мүмкіндік алды. Өзгелері қызметте. Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 21 жыл. Шараға шақырылған осы сала ардагерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері мерекеге жиналғандарды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Талғат Әбдіранбаев "Қылмыстық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен, КА-168/4 мекемесінің бастығы Сағынғазы Қабылов "Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі" төс белгісімен марапатталды. Ішкі істер министрі мен қылмыстық атқару жүйесі төрағасының алғыс хаттары тағы бірнеше адамға табысталды. 26 техниканың 11-і жеңіл көлік. Бесеуі шаруашылық көлігі. 4 автобус пен 4 Газель. Келер жылы 32 техникаға тапсырыс берілген. Жемдегі қатаң тәртіптегі түзету колониясы секілді қаладан шалғайда орналасқан түзету мекемелеріне қыста қатынас қиындайды. Жолдарды қардан тазарту проблемасын шешу керек. Осыған орай әсіресе қар аршитын , колонналарды бастап жүретін ауыр техникаларға қажеттілік туындап тұр.
|
Количество показов: 2769
Дата создания: 21.06.2013 17:48:16