Үйірлі шегіткеге қарсы күрес жүмыстары басталды
Облыс бойынша шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары 15-27 мамыр күндер аралығында басталды. Химиялық өңдеу- 10 ауданда Алға, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз, Әйтеке би, Қарғалы, Мартөк және қаламызда жүргізіліп жатыр. Өңдеу көлемі 784 398 гектар аумақты құрайды.Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – шегірткеге қарсы күрес жүргізу. Жасылды жайпап кететін бұл жәндік әсіресе егінді дақылдың жауы. Мамыр айынан бастап үйірлі шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары басталып, әлі де жалғасын тауып келеді. Қазіргі уақытта 46 дана жер үсті желдеткіш бүріккіштер, 19 аэрозолдық генератор, 7 ұшақ және 4 ұсақ ұшақ химиялық өңдеу жұмысын жүргізуде. Биылғы жылы аса қауіпті және зиянды организмдерге қарсы мониторингтік жұмыстарына 6 мердігер компания мен 273 анықтаушы маман жұмылдырылды. Шегірткеге қарсы улау және бақылау жұмыстары тиісті орындармен жалғасын табады.Количество показов: 380
Дата создания: 19.06.2024 07:26:48