Үй-күйі жоқ кезбелердің некесі қиылды
Бүгін қалалық АХАЖ-да ерекше неке қиылды. Бұл жолғы неке құжатына ие болған жұптардың екеуі де әлеуметтік бейімдеу орталығынан. Нақтырақ айтсақ үй-күйі жоқ кезбелер. Станислав Салмағанбетов ішімдікке салынып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған көп жанның бірі. Ащы судың салдарынан үй-күйінен де айырылыпты. Барар жері, басар тауы болмаған соң осы әлеуметтік бейімдеу орталығына келген. Болашақ жары Иринаны да алғаш рет осы орталықта кездестіріпті. Станислав Иринаны бір көргеннен ғашық болғанын жасырмады. Осылайша алғашқы сезімнің арты ұлы махаббатқа ұласқан. Станислав пен Иринаның осыған дейін жеке бастарын куәландыратын құжаттары да болмапты. Төлқұжаттарын рәсімдеуге әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандары көмектескен. Келіншекке той көйлегін кигізіп, жұптарға арнап арнайы неке жүзігін де алып берген. Енді қазан асып, табақ тартып той қамына кірісіп жатқан көрінеді. Қазір Станислав осы орталықта электрик болып жұмыс істейді. Ащы суды татып алмағанына 1 жылдан асыпты. Станислав пен Ирина осы орталықта қосылған 4-жұп. Ал, қалған 3 жұп әзірше азаматтық некеде. |
Количество показов: 2139
Дата создания: 29.04.2013 18:57:18