Қураған ағаш құлап, көп қабатты үйдің тұрғындарын әбігерге салды
Олег Кошевой көшесіндегі №113 үйдің тұрғындары түс ауа пәтерлерінен шыға алмай қалды. Дүлей жел тұрғанда ауладағы қураған ағаш құлап, подъездің есігін жауып қалған. Екінші қабаттағы пәтердің терезесін сындырып кеткен. Пәтер иелері кооперативінің басшысына ағашты кесу керек дегенімізбен, ол осы уақытқа дейін құлақ аспай келді дейді тұрғындар. Ағаш түскі екі жарымдар шамасында құлаған. Айтарлықтай дүлей дауыл болмаған секілді дейді тұрғындар. Бірақ, кәрі ағаштың қаупі бар екенін пәтер иелері кооперативінің төрағасына былтырдан бері ескерттік. Құлақ аспады дейді. Ағашты кесу үшін рұқсат керектігін айтқан. Ағаштың кесірінен екінші қабаттағы пәтердің балконының терезесі сынған. Тұрғындар адамдарды мерт қылмағанына шүкіршілік етеді. Аталған үй- "Арай" пәтер иелері кооперативіне қарайды. ПИК төрағасы Болат Жарасұлы жағдайды өзінше пайымдайды. Облыстық әкімдік және мәслихаттың 2002 жылдың 21-желтоқсанында "Жасыл желекті күтіп ұстау" ережесіне сәйкес, әрбір жеке және заңды тұлға өзіне бекітілген тиісті аумақтағы жасыл желекті күтіп-баптауға жауапты дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов. Ал қауіп төнген жағдайда, тұрғындардың қалай әрекет ету керектігін реттейтін құжат жоқ болып шықты. |
Количество показов: 2344
Дата создания: 21.05.2013 18:52:19