Университет пен институт біріктіріле ме?
Қазақстандағы саны көп, сапасы жоқ жоғары оқу орындары жақын уақытта біріктіріліп, жетілдіріледі. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов әр аймақта бір мемлекеттік және бір жеке меншік университет болуы керек деп мәлімдеді. Қаладағы екі ірі жоғары оқу орны: Қ.Жұбанов атындағы АМУ-і мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты әзір біріктірілмейді. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім ордаларын қайта құрылымдау туралы ұсыныс айтқанымен, бұйрық шыққан жоқ. Бұл әлі пісіп-жетілмеген әңгіме, дейді Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Анатолий Усов. Проректордың айтуынша, екі оқу орнының бірігіп, бір университет мәртебесін алуы тек кадрлар және есеп бөлімдерінің, сондай-ақ, жоғарғы басшылықтың жұмысына әсер етуі мүмкін. Ол кезде проректорлар қысқартылып, есепшілер азаяды. Айта кетер жайт, мемлекеттік мәртебесі бар университет пен педагогикалық институт 2004 жылы қақ бөлінген болатын. Тоғыз жыл өткен соң, министр Бақытжан Жұмағұлов екеуінде де кейбір мамандықтардың бірдей оқытылып жатқандығын байқап, оларды біріктіру керек деген ұсыныс айтты. |
Количество показов: 1941
Дата создания: 10.04.2013 19:03:46