Әуежайға жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты
Бүгін әуежайға жарылғыш зат қойылды. Бұл хабар таңертең қаладағы барлық шұғыл қызметті аяғынан тік тұрғызды. Әуежайға барар жолда көлік кептелісі қалыптасты. Тәртіп сақшылары әуежай маңын қоршап алды. Ең алдымен әуежай қызметкерлері қауіпсіз аумаққа көшірілді. Ал Астанадан дәл осы уақытта ұшып келуі тиіс ұшақтан жолаушылар түсірілмеген. Оларды қарсы алуға шыққан ақтөбеліктер де әуежайға жақындай алмай көліктерін қаңтарып қоюға мәжбүр болды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша әуежай ішіне жүргізілген тексерулер нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Хабар жалған болып шықты. Нысанда таңғы сағат онда басталған іздестіру жұмыстары он екіге жақын аяқталған. |
Количество показов: 2233
Дата создания: 19.06.2013 18:02:41