Уәлиханов көшесінде күрделі жөндеу басталды
Қаланың бірқатар көшелерін күрделі жөндеу жұмысы басталды. Ш. Уәлиханов көшесінде суағар пайда болады. Әз- Наурыз көшесі кеңейтіледі. Смағұлов көшесі толықтай жаңартылады. Әр көшеге жаратылуы тиіс қаражат бюджеттен бөлінді. Кей жерлерде дайындық жұмыстары жүріп жатса, кей көшелерді жұмысшылар жөндеуге кірісіп кетті. Смағұлов көшесінде бұрын асфальтпен көмкерілген жол болды деп айтуға ауыз бармайды. Көлік жолының көнергені соншалықты шұрық-тесік асфальт жабындысы жермен жексен болған. Оны қайта қалыпқа келтіру жұмысына бюджеттен 60 миллион теңге бөлінген. Смағұловтың Асау-Барақ көшесімен қиылысатын тұсынан бастап Чапаев көшесіне дейінгі бөлігі толық жаңарады. Жолдың жанынан жаяу жүргіншілер тротуары қоса салынады. Бұл көше қазір уақытша жабық. Жұмысты мердігер мекеме "Ақтөбегордорстрой" ЖШС жүргізіп жатыр. Әз-Наурыз көшесі болса, кеңейтіледі. Екі жолақтың орнына 4 жолақты, ені 14 метрлік көлік жолы пайда болады. Бұл көшелерде басталған күрделі жөндеудің құрылысы аяқталуға жақын жаңа көпірге тікелей қатысы бар. Шернияз көшесі ішінәра жөнделеді. Оның өзіне 90 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Уәлиханов көшесіне 200 миллион жаратылмақ. Теміржол вокзалы маңында қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Асфальт сылынып алынып тасталған. Жиектастар да қайта жаңартылады. Көлік ағыны үлкен болғандықтан жұмыс түнде ғана қызады. Ал күрделі жөндеуге кіріскен уақытта қоғамдық көліктердің жүру кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. |
Количество показов: 2113
Дата создания: 12.08.2013 19:04:20