Уәлиханов көшесінде көлік тоқтайтын орындар салынады
Әз Наурыз көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары қазан айының ортасына дейін жалғасады. Бұл туралы бүгін "КТП " ЖШС директорының орынбасары Владимир Жигулев айтты. Қазір жолға ұсақталған тас төселіп, жиектастарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жарты айға жуықтап қалды, көлік атаулы Әз Наурыз көшесін айналып өтуге мәжбүр. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да біршама өзгерді. Мұның барлығы көшедегі жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты болып отыр. Аталған аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстарға келсек, су таратқышты төсеу жұмыстары 90 пайызға жасалған. Қазір қиыршық тас төгіп, тегістеп жатыр. Сонан соң асфальт-бетон жабындысы төселіп, жылу құбырлары мен коммуникациялық желілерді жөнге келтіру қалып отыр. Енді Әз Наурыз көшесіндегі ұзындығы 1655 метрге созылып жатқан жол 4 жолақты қозғалысқа көшеді. Жолды жөндеуге қазынадан 400 млн теңге бөлінген. Аталған аумақтан бөлек, "КТП" ЖШС Әуе қалашығы ауданындағы жолдарды кеңейтіп, Шернияз көшесі мен Батыс-2 ауданындағы жолдарды жөндеп жатыр. Бас даңғылдың бойындағы жол тегістеліп, қазір аталған бағыттағы көлік қозғалысы қалыпқа түсті. Некрасов көшесінде үш жолақты, ал Ломоносов көшесінде 312-ші атқыштар дивизиясынан бастап Жангелдин көшесіне дейін 4 жолақты қозғалыс болады. Уәлиханов көшесінде жол жөндеумен қатар жол жиегіне көлік тоқтайтын орындар жасалады. Биыл қала жолдарын жөндеуге облыстық қазынадан 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. |
Количество показов: 1929
Дата создания: 10.09.2013 18:19:11