Туберкулезге жол жоқ!
Туберкулез- ғасыр дерті болғалы қашан. Қазір оның емі бар. Жылдан жылға туберкулезді тез анықтап, емдеуде медицина саласында жаңалықтар ашылып жатыр. Түрлі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қайткенде ауру санын азайту мақсатында жұмыстар жүзеге асуда.Тек соңғы екі жылда облысымызда туберкулезбен ауыратын науқастарды қолдауға 191 млн теңге қаржы бөлінген. Ақ халаттылардың айтуынша бұл ауруды емдеуде қазір медицина алға басып келеді. Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда, 0,1-пайызды құрады."Туберкулезді тоқтатайық" стратегиясының басты мақсаты- 2035 жылға қарай туберкулездің жаһандық эпидемиясының аяқталуы жоспарлануда. Қазір осы жоспарды орындау үшін жұмыстар жасалынып та жатыр. Өз тарапынан науқастар да дәрігерге уақытылы көрініп тұруы шарт. Себебі ем қабылдамаған әp науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін.Количество показов: 363
Дата создания: 07.06.2024 05:42:12