Толассыз жауған жаңбырдан жаяу жүргінші жолдары көктайғаққа айналды.
Бүгін шаһарда күн жаңбырлы. Қалада кептеліс орнап, көлік жүргізушілері рөлдерін басқара алмай әлек. Толассыз жауған жаңбырдан жаяу жүргінші жолдары көктайғаққа айналды. Тұрғындар дене жарақаттарын алып, ауруханаларға жеткізілуде. Облыстық көпсалалы аурухананың травматолог дәрігері Бағлан Рахметовтың айтуынша, теңертеңгі сағат 8 - ден түскі уақытқа дейін ауруханаға түрлі дене жарақатын алған 35 адам жеткізілген. Басым көпшілігі ми жарақатын алған.Кешегі толассыз жауған жаңбырдан соң , көше жолдары көктайғаққа айналды. Балалар бала - бақшалар мен мектептерге, ересек адамдар діттеген жерлеріне бара алмай әлек. Осыған орай қала аумағында көктайғаққа қарсы құм себу жұмыстары қолға алынды. Мәселен, қазіргі таңда Алматы ауданына қарасты көшелерге, жаяу жүргінші жолдарына, оның ішінде әлеуметтік орындар, мектеп, бала - бақша, ауруханалардың маңайына құм себілуде.Бүгін көктайғақтан дене жарақатын алып, ауруханаға жеткендердің саны жетерлік. Облыстық көпсалалы ауруханаға түскі мезгілге дейін 35 адам травматолог дәрігердің көмегіне жүгінген. Дәрігердің айтуынша, басым көпшілігі бас ми жарақатының жеңіл түрін алған.Ауа райы болжамына назар салсақ, ертең қалада қар аралас жаңбыр жауады. Алдағы аптада күн біртіндеп суыта бастайды. Деседе қар қалаға әлі жаумайтын секілді.Количество показов: 413
Дата создания: 04.12.2023 22:06:55