Тұрғындар ауладағы құрылысқа қарсы
Бұл Алтын Орда ауданындағы № 9 шы үйдің тұрғындары. Халық осыдан алты жыл бұрын су жаңа баспаналарына көшкен болатын. Енді өз аулаларынан бизнес нысаны салынатындығын естіген. Олар іргетасы енді қаланатын ғимаратқа үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша , дәмхана саоынса балалары алаңсыз ойнай алмайды. Тұрғындардың берекесі қашады. Тыныш жер іздеп "Нектар" тұрғын үй кешенінен қымбат бағаға сатып алған үйіміз еді. Тыныштығымыздың бұзуға жол бермейміз, деп бекініп отыр. Құрылыс заңға сәйкес. Кәсіпкердің құжаттары да түгел. Алайда тұрғындардың келісімін алмаған. Көп қабатты үйдің тұрғындары үн-түнсіз біреудің ауласында кәсібін дөңгелетпекші болған адамның жазаға тартылуын талап етуде. Тіпті заңгер де жалдапты. Мәселе шешілмесе сотқа жүгінбек. "Нектар" тұрғын үй кешенінен баспана алу оңай емес. Мұндағы үйлердің бағасы ұшып тұр. пәтерлерімізді арзан бағаға алған жоқпыз, сондықтан тыныштығымызды бұзуға жол бермейміз деп бекініп отыр. Бастамашыл топ кәсіпкермен соттаспақ.Количество показов: 638
Дата создания: 09.08.2024 08:39:19