"Оперативті гинекологияның өзекті мәселелері"
Әйел денсаулығы- қоғам саулығының кепілі. Ана денсаулығы еліміздің болашақтағы демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени болсын, барлығының негізін құрайды. Сондықтан да, ана мен баланы қорғау еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде басым бағыт болып табылады. Конференция барысында медицина саласының ғалымдары мен білікті дәрігерлер гинекология саласындағы инновацияларымен бөлісті. Озық тәжірибелерін ортаға салды. Конференцияға қатысуға 100 дәрігер ниет білдірген. Ақтөбелік мамандар мен өзге өңірлерден келген гинекологтар жиналды. Бұл конференцияның жас маманға берері мол. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, сала мамандары шеберлік сағаттарын да өткізді. Замануи операциялар жасалды. Аталған клиниканың гинекология бөлімінде әйелдерге жыл басынан бері 600-ден астам ота жасалған. Сондықтан әйелдердің денсаулығын жақсартуда медицина да бір орында тұрмауы қажет. Ал медицинада білікті мамандардың болуы заңдылық. Әйелдер денсаулығы-бұл халықтың денсаулығы. Осындай ғылыми конференциялар мен басқосулар- медицинадағы жаңашылдықтарға алып келеді,- дейді ақ халаттылар.Количество показов: 185
Дата создания: 07.09.2024 07:47:42