Облыста 320 елді-мекеннің 168 і газбен қамтылған
Өңір тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл салада Ақтөбе ел бойынша көш басында. Облыстағы 320 елді-мекеннің 168і газбен қамтылған. Бұл 886.500 адам,-дейді билік өкілдері. Республикалық бюджет есебінен биыл 27 елді-мекенді газбен қамту үшін 21 жоба басталды. Облыстық бюджеттен 4 жоба қаржыландырылып, 4 елді-мекен газбен қамтылмақ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорынан ағымдағы жылы 9,2 млрд теңге бөлініп, көптеген елді-мекендерге газ тарту жұмыстары басталды. Айтылған жобалардың барлығы 2025 жылға өтпелі болып табылады, яғни келер жылы аяқталуы тиіс.Қаламызда 40 ірі жоба 2023 жылдан бері іске асырылып жатыр. Ол Орал магистралды газ құбырының 3 тармағын салу жобасы, құны 43,1 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда жоба 85%ға дайын. Ағымдағы жыдың қараша айына дейін аталмыш жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл жоба тәулігіне 526,5 мың шаршы куб газ таратумен қамтамасы етіп, 17 ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуына үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар 8,6 шақырым жылу жүйесі, 26,4 су кәріз желілері жондеуден өтті. Облысымызда көп қабатты үйлердің саны 2540 бірлікті құрайды. Ал, күрделі жұмыстарды талап ететін ескі үйлердің саны 475 үй немесе 18,7% үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Апаттық жағдайда деп танылған 32 көп пәтрлі тұрғын үй бар. Жөндеу жұмыстарын 2022 жылдан бастап Ақтөбе Әлеуметік Кәсіпкерлік корпорациясы іске асып жатыр. 2022 жылы 1,2млрд теңгеге, 2023 жылы жергілікті бюджеттен 567,6 млн теңгеге бірнеше үй жөндеу жұмыстарынан өтіп, бірнеше лифт ауыстырылды. 2024 жылға республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге қарастырылып, 17 жоба іске асырылатын болады.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған үйлер үшін төлемдерді тағайындау жүзеге асырылуда. Яғни, баспана кезегінде тұрған отбасылардың мәселелерін шешуге жақсы ықпалын тигізуде. 2022 жылдан бастап іске асып жатқан бағдарламада азаматтарға 4 категория қарастырылған. Олардың жалға алған пәтерлерінің 50 пайызын бюджет өтейтін болады.
Количество показов: 201
Дата создания: 06.09.2024 07:51:03