Өңірде 99 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Екі қолға бір күрек табылады. Тек жұмыс істеуге ниет керек. Қазір құлықсыз жастар көбейген немесе жас маманның еңбекақыға деген сұранысы жоғары. Әйтсе де, өңірде жұмыссыздықпен күрес жалғасып жатыр. "Мансап" орталығы жылдық жоспарына сай бос орындар жәрмеңкесін тұрақты өткізіп тұрады. Мәселен, биыл мұндай 99 жәрмеңке ұйымдастырылған. Нәтижесі де жоқ емес. 1372 адам жұмысқа тұрыпты. Олардың арасында тұрақты жұмыспен қамтылғандары бар. Ал вакансиялар жайлы мәлімет "Еңбек.кз" сайтында жаңарып отырады. Аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекеттен ақшалай төлем берілуі тиіс. Биыл 13 623 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Тұрмыстық деңгейі төмен әрі жұмысы жоқ 178 азамат жұмысқа қамтылды. Облыста 30 170 мүгедек тіркеулі. Оның 5 260 бала. Әлеуметік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға қызметтің 55 түрі қолжетімді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 үкіметтік емес ұйымнан 430 мүгедек бала мен ересекке жартылай станционар және үй күтімі жағдайында қолдау көрсетілуде. "Инватакси" қызметін - 1 147 мүгедек шақырған. Осы мақсатта 228, 5 млн теңге жұмсалды.Количество показов: 202
Дата создания: 05.09.2024 08:33:19