Ақтөбеде "Жұлдызай-2024" байқауы бастау алды
Бүгін жарыстың ашылу салтанаты өтті. Ерекше жарыс, ерекше спортшылар. Тағдыры қиын мүгедектер үшін бұл доданың маңызы зор. Тұрмыс тіршілігі мен мүмкіндігі шектелсе де, спортта шектеу жоқ екенін дәлелдеу. Дәстүрлі жарысқа қала мен аудандардан жас спортшылар келген.Жарысқа 5 ауданнан 10-15 жас аралығындағы жүзден астам бала келген. Спортшылар жеңіл атлетика, шағын футбол, үстел теннисі мен ұлттық ойындардарн бақ сынайды. Жас спортшылардың диагнозы да әртүрлі. Біреуі көз жанарынан айырылса, енді бірі мүлдем естімейді. Туа бітті сал ауруына шалдыққандары да бар. Әйтсе де ерік -жігері мұқалмаған. Өмірдің сынына төтеп берген нағыз батырлар. Қатысушылар үшін Парижде өтіп жатқан паралимпиада жігер берсе керек. Барлығы да жеңістен үмітті.Количество показов: 184
Дата создания: 07.09.2024 07:49:59