Ақтөбеде қоғамдық қабылдау өтті
Кенжегүл Тайқарқызы көп балалы ана. Баспана кезегінде тұрған әйелдің асыраушысы да жоқ. Әйтсе де атаулы әлеуметтік көмектен қағылған. Табысың тиісті межеден асады,-деп эергілікті органдар көпбалалы ананы тізімге қоспапты. Бүгін ол екі мәселесін алға тартып келді. Біреуі баспана болса, екіншісі-атаулы әлеуметтік көмек алу. Өйткені, 4 баланы жалғыз өз асырып отырған әйел бір айлыққа қарап өмір сүру қиын,-дейді. Кенжегүл бала-шағасымен пәтер жалдап отыр. Қала тұрғындарын қабылдаудағы мақсат- әлеуметтік осал топтағы жандардың мәселелерін шешу. Халықта қандай сұрақтар бар, шешу немесе тиісті орындарға жіберу. Осал топтағы жандардың көбісі тұрғын үй мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек, мектептерде берілетін көмек пен денсаулыққа қатысты сұрақтармен келді.Бүгін халыққа Әділет департаменті, АХАТ бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім басқармасы, тұрғын үй қатынастары бөлімі және басқа да жауапты органдар қабылдау жүргізді. Мұндай шара алдағы уақытта тағы ұйымдастырылмақ. Нақты күнін жергілікті әкімшіліктің әлеуметтік парақшасына саламыз,-дейді мамандар.
Количество показов: 201
Дата создания: 06.09.2024 07:48:12