Тоғызқұмалақ жаттықтырушылары шеберліктерін арттырады
Тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушылары бүгін Ақтөбеге жиналды. Елдің сегіз аймағынан келген 25 маман "Мұнайшы" спорт кешенінде екі апта бойы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Жаттықтырушылар семинары аяқталған соң, біздің қалада тоғызқұмалақтан ел кубогы сарапқа салынады. Тоғызқұмалақ жаттықтырушыларына арналған семинар ел бойынша тұңғыш рет өтіп жатыр. Алғашқы курстың біздің қалада ұйымдастырылуы тегін емес. Ақтөбе облысы - ұлттық спорттың осы түрі кеңінен насихатталып жүрген бірден-бір аймақ, дейді дәрісті жүргізуші тоғызқұмалақ қауымдастығының тете-президенті Мақсат Шотаев. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі республикалық мектебінің әдіскері Сүгірәлі Тайжановтың айтуынша, ұлттық спорттың бұл түрі біздің өңірден басқа, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қарқынды дамыған. Қалған аймақтарда тоғызқұмалақ ойыны бәсеңдеу. Петропавл қаласынан келген жаттықтырушы Жандарбек Қуандықов балаларды екі жылдан бері ұлттық ойынға баулып жүр. Бірақ, әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жете қоймаған. Тоғызқұмалақ бапкерлері дәрісті екі апта бойы тыңдайды. Теориялық сабақтармен қатар, олар шеберліктерін із жүзінде дәлелдеуі тиіс. Жалпы, қазір жаттықтырушылардың біліктіліктерін арттыру курстары барлық жерде өтіп жатыр. |
Количество показов: 3235
Дата создания: 11.09.2012 19:27:03