Өткен тәулікте өңірде ковид жұқтырған 16 адам анықталды
Күні кеше коронавирус анықталған 16 адамның алтауы медициналық мекемеге сырқаттанып келген. Кейін белгілі болғандай, олар тапсырған ПТР- тест оң нәтиже көрсеткен. Науқастардың он төрті қала, екеуі Хромтау ауданының тұрғындары. Жалпы облыс бойынша осы уақытқа дейін 4 мыңнан аса адам коронавирус індетін жұқтырды. Қазір 785 адам үй карантинінде, дәрігердің бақылауында. Бас санитар дәрігер сырқаттанғандардың 3%-ы ғана шет мемлекеттен ауру жұқтырып келгенін айтады. Сондай-ақ, қазір облыс бойынша өкпесі қабынған 3 адам емделіп жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде. Қазір облыста ПТР-тест сынамаларын талдайтын 5 зертхана бар. Ал осы уақытқа дейін өңірде 325 мыңнан астам адамнан ПТР- сынамасы алынған.
Количество показов: 688
Дата создания: 26.02.2021 20:22:56