Терможаңғыртудан өткен үй суға кетіп жатыр
Жеңіс даңғылындағы 32-ші үй тұрғындары толассыз жауған жаңбырдан зардап шегуде. Себебі үш қатарлы үйдің шатыры әлсіз. Жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлер суға кетіп жатыр. Ал үй былтыр ғана жертөлесінен шатырына дейін терможаңғырту бағдарламасымен күрделі жөнделген. Жұмысты жүргізген мердігер мекеме кемшілікті жоймаса тұрғындар оларды сотқа береміз деп білек сыбанып отыр. Бейбіткүл Омарованың қонақ бөлмесінің саутамтығы қалмаған. Пәтеріме жасаған жөндеу жұмысым зая кетті деп налып отыр. Жоғарыдан сорғалап аққан су тұсқағаздарды сылып түсірген. Қыста еріген қар суы, жаз кезінде жауын-шашыннан шошынып қалған бұл пәтер тұрғындары.Жеңіс даңғылындағы 32-ші үй былтыр ғана термомодернизациялау бағдарламасымен күрделі жөнделген. Жертөле, подъезд, шатыры толық жаңартылған. Бірақ, жұмысшылар төбені қайта жапқанда кемшіліктерге жол берген болса керек. Үйді жөндеген мердігер мекеме басшысы болса бәрін қалпына келтіруге уәде беріп отыр. Бейбіткүл Омарова құр уәдеге енді иланбаймын деп нық бекінген. Үйді термомодернизациядан өткізген құрылыс компаниясын сотқа бермек. Ал тұрғындар жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтарудан бас тартып отыр. |
Количество показов: 1976
Дата создания: 07.08.2013 18:52:56