Тергеу изоляторында 28 жастағы күдікті Данияр Кенжалин аштық жариялады
Өткен жылдың қыркүйек айында Данияр Кенжалин адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынады. Шанхай ауданындағы дәмханалардың бірінен мас күйінде көлікке отырған төрт жігіт жол-жөнекей ерегесіп қалады. Ақырында саяжайға барған жігіттердің төбелесінен 27 жастағы қала тұрғыны көз жұмады. Оқиға куәгерлерінен жауап алынып, кісі өліміне басты күдікті ретінде Данияр Кенжалин қамауға алынады. Бірақ күдіктінің анасы ұлының кісі өлтірмегенін, ол төбелескендерді арашаламақ болғанын айтады. Қасындағы екі жігіт балама жала жапты, деп налиды. Облыстық полиция департаменті істі тергеуді аяқтаған.
Топтық төбелестен соң күдікті Данияр Кенжалиннің үстінен алғашында ҚР ҚК "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалған. Бірнеше күннен соң жәбірленуші ауруханада көз жұмып, күдіктінің айыбы "бұзақылық ниетпен адам өлтіру" бабына ауыстырылады. Ал, тергеу изоляторында аштық жариялап жатқан күдіктінің анасы тергеу амалдарымен келіспейді. Тергеу қайта жүргізілмесе, балам аштық жариялауын тоқтатпауы мүмкін, деді.
Количество показов: 656
Дата создания: 23.02.2021 19:00:17