Бүгіннен бастап темекі өнімдерін ашық саудалауға тыйым салынады. Соған сәйкес, елде халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жаңа норма күшіне енді. Жаңа ереже темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электронды темекі және оларға арналған сұйықтықтарды ашық көрсете отырып сатуға тыйым салады. 1-ші шілдеден шаһардағы дүкен, супермаркет, ірі сауда орындары кодекс талаптарын орындап, сөрелерден темекі бұйымдарын алып тастаған.
Темекі өнімдері туралы ақпарат дүкендерде көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ қағазда, қара түсті бірдей әріптермен және сатылатын өнім тізімі мен бағасы әліпби бойынша қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай жазылуы тиіс. Айта кетейік, Қазақстанда электронды шылымдар, темекі қыздыру жүйелері мен қорқор темекі өніміне теңестірілген. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынады.
Количество показов: 704
Дата создания: 01.07.2021 21:11:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>