Теміржол вокзалына "бомба қойылды"
Бүгін жолға шыққандар мен алыс жолдан келе жатқан жақындарын күтіп алуға теміржол вокзалына жиналғандар біраз дүрлікті. Көпшілікті әбігерге салған жарылғыш зат туралы қоңырау болып шықты. Таңғы сағат ондар шамасында қалалық ішкі істер басқармасының 102 жедел қызметіне белгісіз ер адам телефон шалып, санаулы уақыттардан соң ғимаратта жарылыс болатынын айтады. Оқиға орнына жеткен арнайы қызметтер ғимаратта болған екі жарым мың адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бір жарым сағат бойы вокзалдың ішін тінтіген саперлар мен үйретілген иттер ештеңе таппады. Қоңырау тағы да жалған болып шықты. Қазір полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны іздестіріп жатыр. Әбігерге түскен жолаушылар қылмыскерді ұстап, қатаң жазалау керек. Әйтпесе, мұндай жағдай жиілеп кетті деп ашулы. Тек сағат он бір жарымдар шамасында теміржол вокзалының жұмысы қайта жанданды. Жолынан қалған жолаушылар ғимаратқа қарай лап қойды. Теміржол вокзалының күлі көкке ұшады деп жалған қоңырау шалу дерегі биылдыққа осымен төртінші рет қайталанып отыр. |
Количество показов: 1985
Дата создания: 26.08.2013 18:30:00