Темір жол вокзалында жолаушылардың қан қысымы тексерілді
Бүгін қаладағы қоғамдық орындарда тұрғындар қан қасымын, бойын, салмағын тегін өлшетуге мүмкіндік алды. Сауда орталықтары мен темір жол вокзалы ғимаратында қабылдау жүргізіп жатқан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Ақтөбе медициналық колледжі. Темір жол вокзалында акция жолаушылардың асқан қызығушылығын тудырды. Онсыз да ығы-жығы болып жататын вокзал іші бүгін тіпті халыққа толы. Жолаушылар дәрігерлерді қоршап алған. Бірі салмағын, бірі бойын өлшетіп жатыр. Енді бірі қан қысымын тексертіп алып жатса, тағы бірі қандағы қант құрамын білуге кезек қойған. Қант құрамын өлшеткен жолаушылар арасында диабетке шалдыққандары анықталды. Олар өз дерті жөнінде білмейтін болып шықты. Дәрігерлер оларды дереу емханаға жолдады. Тек зейнеткерлер мен орта жастағы адамдар емес, жастар да белсенділік танытып жатыр. Ал акция 11-мамырдағы дүниежүзілік артериалдық гипертониямен күрес күніне арналған. Мұндай акция бүгін адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындардың бәрінде өтті. Дәрігерлер осындай акциялар арқылы қала тұрғындары арасында жүрек, қан тамырлары ауруының алдын алмақ. |
Количество показов: 1949
Дата создания: 06.05.2013 18:41:49