Темір жол вокзалы аумағында рейд жүрді
Теміржол вокзалын қаланың қақпасы деуге болады. Алыс-жақыннан келген қонақтар осы жерден шаһарға бас сұғады. Келімді-кетімді адамдар көп. Сондықтан полиция қызметкерлері темір жол маңайына демалыс күндері бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл апта сайын өтетін іс-шара. Оған еріктілер де атсалысты. Бақылау нәтижесінде мереке күндері 263 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қалалық полиция басқармасының қабылдау орнына 5 адам жеткізіліп, 4 маскүнем мәжбүрлі түрде арнайы емдеу мекемесіне жатқызылған. Сондай-ақ, отбасылық жанжалға қатысты 29 дерек тіркелсе, алкоголдік өндіріс заттарын сатқан 3 дерек анықталды.
Количество показов: 678
Дата создания: 20.12.2020 19:05:09