"Телефон лаңкестері" ұсталды
Кеше "Мега-Ақтөбе" сауда, ойын-сауық орталығынан кезекті рет жарылғыш зат ізделді. Бомба табылған жоқ. Есесіне жалған ақпарат берген "телефон лаңкестері" ізі суымай ұсталды. "Мега-Ақтөбе" сауда, ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деп белгісіз біреу қалалық жедел медициналық көмек бекетіне кеше түнгі 11-ге 10 минут қалғанда телефон қоңырауын шалған. 10 минут ішінде құтқару қызметтері түгелімен сол орынға жетті. Ғимарат ішінен екі жарым мың адам қауіпсіз жерге шығарылған. Тексеру, тінту жұмыстары жүргізіліп, күдікті зат табылмады. Есесіне сол күні жалған хабар берген "телефон лаңкестері" ұсталды. Облыста жыл басталғалы ұқсас 8 дерек тіркелді. Қылмыстық істің жетеуі ашылды. Ал "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ жаңа ғимаратына "жарылғыш зат" қойған адам әзірге табылған жоқ. |
Количество показов: 2024
Дата создания: 28.06.2013 18:17:05