"Телефон лаңкесі" іздестіріліп жатыр
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ының жаңа ғимаратына "бомба қойған" адам іздестіріліп жатыр. Суыт хабар құқық қорғау қызметіне бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында келіп түскен. Ғимараттан 600 адам қауіпсіз аумаққа көшіріліп, жарылғыш зат 4 сағат бойы іздестірілді. Белгісіз адам "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ басшысының кеңсесіне таңғы 9 сағат 49 минутта жұмыс басталған қарбалас сәтте қоңырау шалған. "Жалған лаңкестің" аты-жөні әзірге анықталған жоқ. Оны табуға бүтін құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Айта кеткен жөн, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның жаңа ғимараты ресми түрде әлі ашылған жоқ. Бірақ, кәсіпорын ұжымы мұнда бірнеше аптадан бері жұмыс жасап жатыр. Ақтөбелік "жалған лаңкестердің" бірі бүгінде темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатыр. "Мега-Ақтөбе" сауда, ойын-сауық орталығын "жармақшы болған" Руслан Бодров 5 жылға бас бостандығынан айрылды. "Мега-Ақтөбеге" жарылғыш зат қойған тағы бір тұрғын Бондареваға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оның кінәсі дәлелденсе, алты жылға сотталады. Мамырдың 17-сі күні Хромтау қаласында да тура осындай жалған хабар берген Хунафин де қамауда. Тергеу жүріп жатыр. |
Количество показов: 2128
Дата создания: 20.06.2013 19:40:45