"Телефон лаңкесі" 5 жылға сотталды
"Мега" сауда-ойын сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалып, елді дүрліктірген қылмыскерге бүгін №2 қалалық сотта үкім шығарылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша айыпталған Руслан Бодров 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік департаменттері, қалалық жедел жәрдем бекеттеріне келтірген шығындарды өтеу міндеттелді. Және ішімдікке әуестіктен мәжбүрлеп емделетін болады. Қылмыскер бұған дейін екі рет істі болып, жазасын өтеп шыққан. |
Количество показов: 2033
Дата создания: 07.06.2013 19:14:22