Телефон алаяқтарына сенген азаматша 100 мың теңгесінен қағылды
Түрмеде жазасын өтеушіге азық - түлікпен араластырып есірткі затын беріп жіберу дерегі анықталды. Облыстық ІІД- нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 21 жастағы ақтөбеліктің әрекетін дер кезінде әшкереледі. Ал тәртіп сақшыларының атын жамылған телефон алаяқтарына тұсау салу мүмкін болмай тұр. УК-168/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан құрдасына есірткі затын сәлемдеме ретінде беріп жібермек болған 21 жастағы ақтөбелік ұсталды. Салмағы екі грамм болатын марихуананы күдікті майшабақтармен араластырып өткізбек болыпты. Мамырдың бірі күні 58 жастағы азаматша 100 мың теңгесін белгісіз біреулерге балкон арқылы лақтырып жіберген. Телефонның арғы жағынан хабарласқан адам тәртіп сақшысы екендігін, баласының жол апатын жасағанын айтып алдап соққан. Қазір осы іске қатысты жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Телефон алаяқтары бір күннің ішінде бірнеше рет әрекет жасап, оңай олжаға кенелуді көздейді екен. Сәуірдің 29- күні өзін полициямын деп таныстырып, ақтөбеліктерді алдап соғып, ақша талап ету жағдайына қатысты жеті дерек тіркеліпті. Тұрғындар дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, алдын - алу шараларын жасаған. |
Количество показов: 2260
Дата создания: 02.05.2013 17:57:46