Техникалық бақылаусыз жүрген көліктер көп
Ақтөбеде техникалық байқаудан өтпеген темір тұлпарлар азаймай тұр. "Батыс" аумақтық көліктік бақылау инспекциясы жол полициясы басқармасымен бірлесіп күресуде. Алайда одан нәтиже жоқ. Оған қоса аудандарға жолаушы тасмалдайтын автокөлік құралдары да заң бұзып жүр. Облыс аумағында он бес техникалық байқау операторларының жұмысын ұйымдастыратын орталық жұмыс жасауда. Олар қызметін жауапкершілікпен атқарып жүр ме? "Батыс" аумақтық көліктік бақылау инспекциясы өкілдері мұны жыл басынан бері қадағалауда. Әсіресе аудандарға жолаушы тасымалдайтын көлік иелері кестеге бағынбай, халықты жүру кестесімен толық ақпараттандырмай талап бұзған. Дерекке сүйенсек, тіркеуде тұрған 25 мың 236 автокөлік құралдарының ішінде 22 мыңнан астамы техникалық байқаудан өткен. 2465 темір тұлпар иесі бұл іске салғырттық танытып әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол полициясы басқармасы мәліметі бойынша, облыс бойынша осы жылдың қаңтар айына дейін 173 мың 383 көлік ресми тізімде. |
Количество показов: 2043
Дата создания: 29.05.2013 18:58:46