Тегін көлік тұрағы ашылды
Бүгін қалада тағы бір көлік тұрағы ашылды. Басқаларынан ерекшелігі- тегін қызмет көрсетеді. Бұл-Пацаев көшесіндегі күнделікті көрініс. Бір көшенің бойында үш бірдей емдеу мекемесі тұр. Басты көше болғандықтан, қозғалыстың көптігі былай тұрсын,бірінші кезекте емханаға ем қабылдауға келгендерге ыңғайсыздық тудыратын. Емханаға келгендер көлігін қоятын жер таппай, қиналатын. Тұрғындардың базынасы кәсіпкерлердің құлағына жетіпті. Бүгін облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен "Әйгерім" клиникасының жанынан тегін автокөлік тұрағы ашылды. 80 көлікке лайықталған нысан күндіз-түні жұмыс жасайды. Ескендір Назарбаевтың айтуынша, 2000 шаршы метрлік жер бұған дейін игерусіз жатқан. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталды. Жер тегістеліп, асфальт төселген. Кәсіпкердің қалтасынан осы жұмыстарға 8 млн теңге шыққан. Қалалық мәслихаттың депутаты, әрі кәсіпкер Ескендір Назарбаев бұл "Көркейе бер туған жер" акциясына қосқан үлесім, дейді. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мұндай бастама- өзге кәсіпкерлерге үлгі болса екен дейді. Себебі, көлік тұрағы қажет әлеуметтік нысандар қалада әлі де жетерлік. Жаңа нысан тәлік бойы қызмет еткенімен, күзетшісі жоқ. |
Количество показов: 2840
Дата создания: 04.09.2012 19:19:17