Тазалықтың екі айлығы басталды
Әр бейсенбі "Таза бейсенбі" деп жарияланды. Әр сенбіде ақтөбеліктер сенбілікке шығады. Осылайша қаланы қыста жиналған күл-қоқыстан тазарту екі айға созылады. Бүгін қала әкімі Ерхан Омаров пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары мен селолық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жарияланған екі айлық тазалық шарасы бүгін басталды. Мамырдың 27-сіне дейін жалғасады. Бүгіннен бастап әр бейсенбі мен сенбіде бүтін ұжым біткен тазалық акцияларын ұйымдастырады. Оған жұмыссыз тұрғындар, зейнеткерлердің де атсалысуы маңызды. Ал ешбір ПИК, кондаминиумға біріктірілмеген үй тұрғындарының шараға атсалысуына "Табыс-Ақтөбе" мекемесі жауапты. Көлік жолдарын ретке келтіру жұмыстары басталып кетті. Бүгінге дейін 11 көшеде жолдың жыртықтары жамалған. Жазда қаланы таза ұстау жұмыстары да айқын. 40 бірлік техника шығарылды. 14 мың 600 шаршы метр жерге гүлдер отырғызылады. 62 мың шаршы метр аумаққа көгал өсіріледі. |
Количество показов: 2157
Дата создания: 27.03.2013 18:25:54