"Тазалық - табалдырықтан басталады"
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әр азаматтың басты міндеті. Бүгін Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен Республикалық "Taza Qala" экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты - қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту дейді ұйымдастырушылар. Акцияға орталық қызметкерлері, Алматы ауданының пробация тізіміндегі жастары, студенттер мен белсенді жастар қатысып, Елек өзенінің жағалауындағы қоқыс қалдықтарын шығарып, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.Количество показов: 395
Дата создания: 15.06.2024 05:53:25