Ташкент көшесіндегі №2-ші үйде тұрып жатқан зейнеткер бірнеше жылдан бері көршілерімен сыйыса алмай келеді. Даладағы күл-қоқысты пәтеріне таситын әжейдің үстінен қанша шағым түссе де, учаскелік полицей ешқандай шара қолданбайды. Ал екі қатарлы, онсыз да ескі үйді ұсақ жәндіктер, зиянкестер жайлай бастаған. Бір адамның зиянды әдетінен бүтін көрші-көлем зардап шегіп келеді. Екі қатарлы үйдің үшінші пәтерінде тұратын 70 жастағы әйел жуыну, айналасын жинап, тазалау дегенді ұзақ уақыттан бері ұмытқан. Ол аздай, пәтеріне сырттан күл-қоқыс тасиды. Қолқаны қабатын иістен бүтін үй тұрғындары тұншығып отыр. Айжан Тәжмұханова бірінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде анасы екеуі бірге тұрған. Бір жыл бұрын тоқсаннан асқан кейуана қайтыс болып, содан бері психикалық ауытқуы бар науқасқа бас- көз болатын ешкім жоқ екен. Учаскелік полиция да еш шара қолданбайды. Зейнеткердің көршілері пәтерге кіріп- шығып жүрген әйелдің бірде бір туысын көрмедік дейді. Анасы қайтыс болған кезде ғана төбе көрсеткен оның жақындары содан кейін мүлдем келмей кеткен. Бірақ, зейнеткер қалада немересі бар екенін айтады. Әлеуметтік қамсыздандыру бөліміндегілер Айжан Тәжмұханованың жалғызбасты әйел болғанымен, орталық тарапынан оған ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтты.
Қысы- жазы жағымсыз иістен зардап шеккен көршілер бірнеше рет зейнеткердің пәтерін өздері тазалап беруге оқталған. Бірақ, қария оларды пәтеріне кіргізбей қойған. Көршілері соңғы кездері әйел тіпті пәтерінде от жағатынды шығарды, дейді. Өздерінің және балаларының өміріне алаңдаған жұрт дімкәс жанды тезірек арнайы орталыққа емдеуге жіберу қажет деп дабыл көтеріп жатыр.
Количество показов: 1005
Дата создания: 09.07.2021 19:09:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>