Тазалыққа салғырт ПИК-нің басшыларына айыппұл салынды
Екі айлық тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтерінің қосып жатқан үлесі қандай? Акция басталар алдында қала әкімі Ерхан Омаров кооператив төрағаларын жинап, нақты тапсырмалар берген болатын. Жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуын арнайы комиссия бақылауға алған. 53 жастағы Мапуза Серікова "Назар-3" ПИК 15 жылдан бері жұмыс жасайды. 3 көп қабатты үй ауласының тазалығына жауапты. Жұмысқа таңғы тоғызда кіріседі. Кешкі бесте аяқтайды. Қазіргі жалақысы күнкөріске жетіп тұр. Бастысы ай сайын уақытылы алады. ПИК-і басшылығының өз жұмысшылары алдында жауапкершілігі артқандығын алға тартады. Тұрғындар да бұрынғымен салыстырғанда аула сыпырушыларға көзқарасын өзгертті дейді ол. "Назар-3" қаладағы ең ірі кооперативтердің бірі. ПИК-іне 50 үй қарасты. Оның жетеуі тоғыз қабатты, қалғандары 5 қатарлы үйлер. Барлығы 4 мыңға жуық пәтер. Кооперативте 21 аула сыпырушы жұмыс жасайды. Кейбірінің қолдарынан сыпыртқы тастамағандарына 30 жыл болған. Кейбірі 10-15 жылдан бері аула сыпырушы. "Назар-3" қала билігінің ескеруінше өз жұмысына жауапты санаулы ПИК-терінің бірі. Сенбіліктерде белсенділік танытып жүр. Мұрат Табынбаевтың қарамағындағы екі көп қабатты үй терможаңғырту бағдарламасымен жөнделген. Биыл маусымда тағы бір үйге күрделі жөндеу жүргізіледі. Қалада өтіп жатқан екі айлық тазалық акциясы аяқталуға жақын. Атқарылған істің алғашқы нәтижелері де белгілі. Акция басталмас бұрын қала әкімі Ерхан Омаров ПИК-нің төрағалары мен үй басқармаларына санитарлық тазалыққа қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Оны жауапсыз қалдырған кооператив төрағалары айппұлдармен жазаланды. Наурыздың 27-сінен бастап бүгінге дейін қаладан 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ертең "Таза бейсенбі". Тұрғындар таңнан жаппай тазалыққа кірісуі қажет. |
Количество показов: 2018
Дата создания: 15.05.2013 18:32:14