Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер салық есептілігін тапсырудан босатылды
Су тасқыны салдарынан облыс бойынша 185 кәсіпкерлік нысан зардап шеккен. Қаланың өзінде 65 кәсіпкер шығын көрген. Бизнес өкілдерінің ақпараты бойынша алдын ала есептелген деректерге сәйкес шығын көлемі 4 млрд теңгеге жуықтайды. Негізгі шығын мөлшері бағалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін белгілі болады.Бүгінде тексеру комиссиялары қарғын судан зардап шеккен барлық бизнес нысандарын аралап жүр. Қаладағы Алматы ауданы бойынша 38 бизнес нысанға тексерілу аяқталған. Залал көлемі 1 млрд теңгеге жуықтайды. Астана ауданы бойынша шығын көлемі 187 млн теңгені құрайды. Енді қарғын судан зардап шеккен бизнес нысан иелері 1 ші шілдеге дейін салық есептілігін тапсырудан босаталды. Салық бойынша қарызы бар кәсіпкерлер өсімпұл төлемейді.
Количество показов: 297
Дата создания: 15.05.2024 07:23:59