Тасқын судан зардап шеккендер толық өтемақы ала алмай отыр
Шаһарда болған тасқын судың салдары бітер емес. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға өтемақы толық берілмеген. Мәселен, Гидрогеолог бау - бақша ұжымының тұрғынына комиссия мүшелері есептеп берген шығын көлемі толық төленбепті. Табиғат апатынан зардап шегушіні бопсалап, шығын көлемінің жартысын ғана өтеуге қол қойдырып алған.Жазира Қазығұлова "Гидрогеолог" бау - бақша ұжымының тұрғыны. Өзі II топтағы мүгедек. Бұл аймақта тұрып жатқанына 10 жылдан астам уақыт болған. Өткен су тасқыны кезінде үйі түгелімен қарғын судың астында қалған. Себебі, жақын маңдағы Қарғалы өзенінен су келген болатын. Үйдегі тұрмыстық техникалардың барлығы қызыл судың салдарынан істен шыққан. Артынша шығын көлемін есептейтін комиссия мүшелері де келген. Олар келтірілген шығын көлемін 4 млн 972 639 тг деп есептеп берген. Алайда, артынша шығын көлемін өзгертіп, зардап шегушінің есеп шотына бар жоғы 2 млн 800 мың теңге аударған.Количество показов: 342
Дата создания: 19.06.2024 07:35:35