Табиғатқа залал келтірген "Парижская коммуна ХХІ" ЖШС-гі мемлекетке 7 млрд теңге шығын өндіруі тиіс
Табиғатқа залал келтірген "Парижская коммуна ХХІ" ЖШС-гі мемлекетке 7 млрд теңге шығын өндіруі тиіс. Мекеме шығынды бір ай көлемінде өндірмейтін болса, кәсіпкердің үстінен бірнеше мемлекеттік орган сотқа шағым түсіретін болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл мәлімдеді. Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан шошқа фермасын тексеру әлі толық аяқталмаған. Ферманың үстінен 13 бағытта іс қозғалған. Алға ауданы Бестамақ ауылы тұрғындарының бас ауруына айналған кәсіпкер Гайк Тертерянға тиесілі мал шаруашылығы фермасы 2008- жылы индустриалды-инновациялық даму картасы аясында ашылған. Әуелде бұл жерде аустралиялық түйеқұстар өсірілетіні айтылған. Экзотикалық құстардың орнына шошқа бапталатынын тұрғындар мекеме жұмыс істей бастаған кезде бір-ақ білген. Қазіргі күні Бестамақта 26 базада 50 мыңға жуық шошқа бағылып, күніне 500 бас етке өткізіледі екен. Шошқа қалдықтары 900 шаршы метр аумақты алып жатыр. Тұрғындардың арызы бойынша тиісті мекеме өкілдері тексеруге кіріскен. Фермаға қатысты 13 іс қозғалған. Тексеру барысында бүлінген аумақтың 56 метрі қазылып, 189 тонна мал қалдығы жер бетіне шығарылған. Шошқа қалдықтарының ауылға іргелес ағып жатқан Байбақты өзеніне ағызылғаны да белгілі болып отыр. Әйткенмен шошқа фермасы жұмыс жасап тұр. Кәсіпкерге күніге 300 бас шошқа союға рұқсат берілген.
Табиғатқа орасан залал келтірген серіктестік басшысына айыппұл салумен қатар анықталған заңсыздықтарды жоюға бір ай мерзім берілген. Аталған уақыт ішінде кәсіпкерге шошқа қалдықтарын қоршаған ортаға залал келтірмей жою әдістерінің жоспарын ұсынуға мүмкіндік беріліп отыр. Әйткенмен шошқа фермасын жабылуға қатысты нақты шешім қабылданбаған.
Количество показов: 782
Дата создания: 10.12.2020 18:13:35
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>