Түйетөбе басында қаралы митинг өтті
Жылдағы дәстүр бойынша ақтөбеліктер биыл да Түйетөбенің басына жиналды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Құран бағышталды. "Тарих тезіне түстік" дейді мәліметтер. Өткен ғасырдың 2-ші он жылдығында елде партиялық тазалау деген желеумен ұлттың белсенділері атылды. Түрлі мәліметтер кездеседі. Сол кездегі әрекеттер мақсатты түрде жүргізілген. Архивтерде де анық көрсетілген. Ресми түрде ашаршылық, саяси қуғын-сүргін салдарын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бар. 2 миллион 200 мыңнан астам адам зұлмат жылдардың құрбан болды. Зерттеушілер бұл қазақ халқына қарсы жасалған геноцид дейді. Түйетөбеге келгендер қатары көп. Тағдырлас жұрт әке, аталарын еске алып, құран бағыштады. Жазықсыз жазаланғандардың ұрпақтары жақындарын олар ақталғаннан кейін ғана іздей бастаған. Қорықтық дейді. Халық жауының ұлы деген аттан қашып, 18 жасына дейін өзге фамилиямен жүрген Қайыржан Көпбағамбетов әкесі туралы ақпаратты 1993 жылы тауыпты. Молда болып, медресе ұстағаны үшін атылған. Ал, Бақтылы Қабашева атасы Қабаштың тұңғыш немересі. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тумасы. Қария бұл жерге ата-бабаларына дұға ету үшін келеді. Жылдағы әдеті. Атасы үкіметке қарсы ұйым құрды деп айыпталып, ұсталған. Нағашы ағалары да қудаланған. Ескерткішке шаһардағы түрлі мекемелердің өкілдері гүл қойды. Ата-бабасының сүйегі осы маңға жаппай көмілген жұрт көздеріне жас алып, құран бағыштап қайтты.
Количество показов: 733
Дата создания: 31.05.2021 18:45:18